12 қазан күні №81 "Astana English school" мамандандырылған гимназиясында "Күз- мереке, күз - береке" тақырыбында күзгі жәрмеңке болып өтті. Күзгі жәрмеңкені өткізудегі мақсат оқушылардың табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы білімдерін кеңейту, табиғаттың сыйын өз көздерімен көріп, дəмін татып, күз байлығын, əсемдікті сезіне білуге, көргендері туралы əңгімелей білуге, адамдардың еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Күзде дастарханымыз дəнді -дақыл, жеміс -жидек, көкөністерге толы болатынын, оның барлығы еңбекпен, маңдай термен келетінін оқушыларға түсіндіру. Мұндай ауқымды іс -шара мектеп қабырғасында 4- мәрте өтуде. Жәрмеңкеде түрлі көз тартарлық күздік образдар да болды. Осындай іс -шараға белсене қатысқан 1-4-сынып жетекшілеріне және ата -аналарға үлкен алғыс білдіреміз. Байқау жеңімпаздары 18 қазан күні марапатталады.