Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде»


   Бүгін, яғни қазанның 15-і күні Қазақ мектеп-гимназиясында «Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде»атты тақырыппен математика, информатика және физика пәндері онкүндігінің  салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылуға 7-8 сынып оқушылары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.Әсіресе  8 «ә» сынып оқушысы Дюсенова  Шырайлым мен  8 «в» сынып оқушысы Әлжанов Акжайықтың жүргізушілік қабілеттерімен  ашылу рәсімі жандана түсті. Нақты пәндер туралы өлеңдер оқылып, әндер де шырқалды. Көрермендер де шет қалмай  ,  математика, физика және информатика пәндері туралы жинақталған викториналық сұрақтарға  ұтымды жауап беріп жатты. 8 сынып оқушылары Диляра және Әсел атты қыздарымыз «Ананың тілі» өлеңінің мақамына салынған «Математика» туралы әнді шебер шырқап шықса, 7 сынып оқушысы Рахат атты ұлымыз  «Түрікмен» күйін  көрермен назарына тарту етті.Сонымен қатар  нақты пәндерді  оқудың  күнделікті өмірде  қажет екендігі туралы  жарасымды әзілдер де айтылып жатты.Ашылу рәсімі онкүндік іс-шараларына  қатысуда белсенділік танытып,  бірлестік тарапынан ұйымдастырылған «INDULGENZA»  ынталандыру шартының қосымша 1ұпайын иеленуге шақырумен жабылды.
Жауапты мұғалім: физика пәні мұғалімі Топышева Х.Т.

   



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено