Ағымдағы жылдың қазанның 4 жұлдызында "Мектеп жүрегі - ҰСТАЗ" атты мектеп оқушыларының ұйымдастырылуымен концерттік бағдарлама өткізілді. Концерт барысында мектеп директоры Е.К.Каментиков барша ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтап, мектеп оқушылары ұлағатты ұстаздарына арнап өлең жолдарын, ән шашуларын, термелері күйлерін тарту етті. "Winner" КВН құрамасы өз өнерлерін көрсетті.