2018 жылдың 13 қазан күні «ХХІ ғасырдағы ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» атты 2-3-4 сыныптар ата-аналары үшін республикалық конференция өтті. Конференцияға 387 ата – ана қатысты. Қонаққа келген қамқоршылық кеңесінің төрағасы Мұқатаев А.К. сөз сөйледі. Мектеп психологы Д.Х.Казбекова өткізді. 2-3-4 сынып жетекшілері өз ата-аналарын тіркеу қағаздарына тіркеп жасап, конференцияда сөз сөйлеп, өз үлестерін қосты. Бұл конференцияда ата – аналар өз қоржындарына көп мағлұмат алды деп ойлаймыз, өйткені өз жылы лебіздерін айтты. Конференция жоғары деңгейде өтті. Мектепте арнайы тілек бұрышын жасап, оған альбом жасалып, альбомға ата-аналар өз тілектерін, алғыстарын жазды.