ФОРУМ МАҚСАТЫ: ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ
Форумның халықаралық деңгейде өтуі - күн тәртібін айқындап берді. Біріншіден, түрлі елдердің ЖОО басшылары үздіксіз педагогикалық білім беру мен заманауи мұғалімдерді дайындау мәселесінде тәжірибе алмасты. Екіншіден, мұндай деңгейдегі шаралар педагогикалық ғылым мен инновациялық білім беру қызметі бойынша мемлекетаралық әріптестікті дамытуға мүмкіндік береді.
ВИЦЕ-МИНИСТР АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ СӨЗ АЛДЫ
Вице-министр Асхат Аймағамбетов сөз алғанда Елбасы биыл мақұлдаған академиялық еркіндік туралы заңға баса назар аудару керектігін алға тартты. Бұл заңмен қатар, жетпістен астам норматив-құқық құжаттары жасалды (заң жазылу барысында). Бұл құжаттар жоғары оқу орындарына жан-жақты мүмкіндіктер берді.
- «Біздің ғалымдар мен мамандар дайындап, Елбасы жүктеген міндеттер білім саласының қарқынды дамуына жол ашады. Енді министрлік тарапындағы көптеген құзіреттер жоғары оқу орындарына беріледі. Шын мәнінде университеттер өзін-өзі басқарып, студенттерге баса назар аударуы керек. Осы бағытта өзгерістер жүріп жатыр», – деді ЖОО ұйымдастыру-құқықтық құрылымына өзгерістер енгізілуі туралы түсіндірген Асхат Аймағамбетов.