19 қазан күні 2 өнер мектебінде Астана қаласы жалпы білім беру мектептері арасында өткен ІХ қалалық "Асыл мұра" ұлттық өнер байқауына 81"Astana English school” мамандандырылған гимназиясының 7 "Ә" сынып оқушысы Байбуринов Бекарыс "дәстүрлі ән" номинациясы бойынша қатысып, жүлделі 1- орынға ие болды. Бекарыс байқауда Жаяу Мұсаның "Ақ сисасын" және xалық әні "Ақ бақайды" орындады. 5 "А" сынып оқушысы Тусупкалиева Айзере "ұлттық аспаптарда орындаушы" номинациясы бойынша жетігенде xалық күйі "Кербез қыз" бен А.Жұбановтың "Қарлығаш" күйін орындап Бас жүлдені иеленді. 4 "Ә" сынып оқушысы Болатxан Ерасыл домбырада Құрманғазының "Саранжап" күйі мен Н. Тілендиевтің "Жекпе- жек" күйін орындап жүлделі 2-орынды иеленді. Жарайсыздар, балалар! Осындай байқауға оқушыны дайындаған ұстаздары Марал Бейсаинқызы, Қарлығаш Сталбекқызы, Нұрдаулет Ибрашұлына алғыс айтамыз! Осындай жүлделер көп болып, шәкірттеріміз жеңіс тұғырынан көріне берсін!