"Бүгін Білім және ғылым министрлігі мен Қаржы орталығы еліміздің бірқатар жоғары оқу орындарының арасында келісімшартқа қол қойылды. Бұл келісімшарттардың нәтижесінде 4 мыңға жуық жаңа жатақхана орны пайда болады және оның 2810-ы 2019 жылдың соңына дейін іске қосылады. Жалпы, бұл механизм мемлекеттің және жеке сектордың әріптестігінің негізінде құрылған. Жатақхананы жоғары оқу орны өз қаражаты есебінен немесе жеке сектордың инвестициясын тарту арқылы іске қосады. Нәтижесінде мемлекет әрбір іске қосылған жатақхана орны үшін (егер студент сол жатақханада тұрса), ғимарат құрылыс арқылы іске қосылғанда – 122 айлық есептік көрсеткіш, реконструкция арқылы іске қосылғанда – 47 АЕК төлейді. Осы жылдың көрсеткішін негізге алсақ, 122 АЕК – бұл бір студентке жылына шамамен 300 мың теңге. Мемлекет бұл тапсырысты жатақхана іске қосылғаннан кейін 96 ай, 8 жыл бойы орналастырады. Бірақ, міндетті алғышарт – сол жатақханада студенттің болуы. Мысалы, егер жатақхана 500 орынға есептелсе, бірақ ол жатақханада тек 400 немесе 300 студент тұрса, сол студенттердің санына ғана қаражат төленеді. Яғни, ақша студенттің соңынан жүреді", – деді Әлімжанов берген сұхбатында.