Меню KDT

Новости

Главная Новости

Алтын күз

Новоишим қазақ орта мектебінде жоспар бойынша Алтын күз мерекелері өтті. Жас ұрпаққа қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды және күз кереметтілігін нақты айқындап ашуға, табиғатты сүйюге, сақтауға үйрету мақсатында 1-2 сыныптарда "Сәлем саған, Алтын күз!"мерекесі ертеңгілік түрінде өтті. Бұл іс-шараға күз мезгілінің айлары қонаққа келді. 1 сынып оқушылары түрлі жемістер болып киініп, Флешмоб биін билеп, іс-шара сонында сән үлгісін көрсетті. 2 сыныптар күз туралы тақпақтар мен өлеңдерді мәнерлеп айтты. Мереке қатысушылары жұмбақ әлемінде түрлі жұмбақтарға жауап беріп, сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар "Кім жылдам?" ойыны ойнатылды. 
3-4 сыныптарда мерекеге күз ханшайымдары қатысып, көрермендердің көнілдерінен шыға алды. 8-11 сыныптарда "Сыбдыры сұлу, Алтын күз!" атты кеш сайыс түрінде өтті. Жалпы сайысқа 5 команда қатысты. Сайыстың 5 кезеңі де өте қызықты болып, 5 ұпаймен бағаланып тұрды. Нәтижесінде 1 орынға 8 а сынып, 2 орынға 8 ә сынып ие болды.






















Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено