«Қауіпсіз мектеп автобусы», «Сақта жолдың тәртібін!»
2018 жылдың 2 қазаннан бастап 10 қарашаға дейін өтетін республикалық «Қауіпсіз мектеп автобусы» акция аясында мектепте 0-1 сыныптарға арналып «Сақта жолдың тәртібін!» атты іс-шара өтті.
Бұл іс-шараны жасұландықтар ұйымдастырып өткізді.
Іс-шараның мақсаты: оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс - жүзінде асыра білуге үйрету. Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету. Тәртіптілікке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.
Сонымен қатар ақпараттық стенд безеңдіріліп, жол қозғалысы ережелерін түсіндіру бойынша 0-11 сыныптарда қауіпсіздік сабақтары өтіп, әлеуметтік роликтер көрсетілді.