Астана қала № 45 орта мектеп ұжымы қалалық сенбілікке белсенді атсалысты. 50 мектеп қызметкері, 253 оқушы қатысты. Бұл шарада балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелесе, Отан деген ұлы ұғымның өз аула, өз үйі, өз қаласынан бастау алатынын ұғындырады. Сенбілік соңында ұйымдастырылған «Кім жылдам, кім мықты» жарыс оқушылар достығын нығайтуға септігін тигізді деп ойлаймыз.