№38 мектеп-лицейінде «Арайлы алтын күз-2018» мерекелік іс – шарас өтті. Шара барысына мектептің барлық оқушылары ат салысты. Оның ішінде 1-4 сынып оқушыларына «Аяулы күз, алтын күз» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. 23 қазан күні «Кел жемісті, Алтын күз!» тақырыбында 5 сынып оқушылары арасында жемістен мүсіндер байқауы болды. Байқау барысында әр сынып оқушылары өздерінің шығармашылық қабілеттерінің жоғарғы деңгейде екенін дәлелдеді.
24 қазан күні мектептің I қабат фойесінде 6-7 сыныптардың арасында «Арайлы Алтын күз» тақырыбында икебана, гүлдер шеруі сайысы өтті. Сайыс барысында оқушылар табиғи материалдардан гүлдер, әр түрлі композициялық бұйымдар жасады.

25 қазан күні 9-10-11 сыныптар арасында “Autumn Party” мерекелік кеші өтті. Кеш аясында оқушылар таныстыру, күз дефилесі, флешмоб сайыстары арқылы күз ханшайымы мен ханзадасын таңдап алып, оларға өздеріне тиесілі тәждерін кигізді.
