Меню KDT

Новости

Главная Новости

"Отбасы - бақыт мекені" апталығы өтті.

      10-14 қыркүйек аралығында #71 мектеп-лицейінде "Отбасы - бақыт мекені" апталығы өтті. Республика көлемінде отбасы күнін мерекелеуді мақсат еткен апталық мектебімізде жоғары деңгейде тойланды. Апталықтың басы ашылу салтанатты концертімен басталса, ары қарай түрлі кездесулер, фотосурет, эссе байқаулары отбасы құндылығын насиxаттап, оқушыларды үлкенге құрмет көрсетуге, кішіге ізет білдіруге шақырды. Бастауыш және бесінші сыныныптың балақайлары өз көзімен отбасы ұғымын суреттеріне арқау етіп, сурет байқауында бақ сынады. 
         14.09 күні апталықтың салтанатты жабылуы өтіп, сараптама жүргізілді. Ұйымдастырылған байқаулардың нәтижесі жарияланып, жеңімпаздар мектеп директорының мақтау қағазымен марапатталды.














Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено