Кел, балалар, оқылық-деп ұлттың ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің балаларды оқуға шақырғанындай 1 қыркүйекте №71мектеп-лицейі де білім алуға келген бүлдіршіндерге есіктерін айқара ашты. "Астана Отанымның жүрегі" атты алғашқы қоңырауға арналған салтанатты жиын Елорданың 20 жылдығына арналды. Осыған орай маңызды күнмен бүлдіршіндерді мектеп директоры Аубакирова Шынара Айдарxанқызы құттықтап, Отансүйгіштікке, білімділікке және жаңа оқу жылында талмай еңбектенуге шақырды.
Құшаққа гүл, қуанышқа мектеп толған күздің алғашқы күні әр оқушыға ерекше әсер қалдырып, даталы күн мәңгі есте сақталып, жаңа оқу жылы да басталып кетті.