Білім күні құтты болсын!
2018 жылдың 1 қыркүйегі күні Астана қаласы №8 орта мектептің «1- қыркүйек –Алғашқы қоңырау » салтанатты ашылу жиыны №16 орта мектеп базасында өткізілді. Жазғы демалыстарын тиімді ұйымдастыра білген мектеп оқушылары білім шаңырағын ,сондай-ақ сыныптас достары мен ұстаздарын сағынып қалғандықтарын жасырған жоқ.