Бағдарламаны жүзеге асырудың нормотивті-құқықтық құжаты: 3 министрліктің біріккен бұйрығы негізінде, №68 орта мектепттің қызметкерлері оқытылды. Ақпаратты дәрісті мектептің педагог-психологтары Р.Ж.Сайлаубаева мен Д.Ж.Атамбаева жүргізді. Баланың дағдарыстағы және оның өз-өзіне қол жұмсағысы келетіні туралы ескертуші белгілерді танып-біле алатын кез келген тұлға вахтер деп аталады. Суицид вахтерлары кәсіби психотерапевтік көмек көрсетпейді. Суицид вахтерлары «Қауіп тобындағы» оқушыларды анықтап, олармен тіл табысып және оларды дұрыс бағытқа бағыттау мүмкіндігіне ие болу үшін, мұқият қадағалауды жүзеге асыратындығы туралы мәліметтер берілді.