Меню KDT
Соц. сети
Социально
деловая
среда
Agartu
Социально
образовательная
сеть
Отан Бiлiм
Социальная
сеть Agartu
г. Астана
Социальная
сеть Agartu
СКО
Социальная
сеть Agartu
ЗКО
Социальная
сеть Agartu
Акмолинской
области
Социальная
сеть Agartu
Кызылординской
области
Социальная
сеть Agartu
г. Алматы
Социальная
сеть Agartu
Актюбинской
области
Социальная
сеть Agartu
Атырауской
области
Социальная
сеть Agartu
Жамбылской
области
Социальная
сеть Agartu
Алматинской
области
Социальная
сеть Agartu
ВКО
Социальная
сеть Agartu
Карагандинской
области
Социальная
сеть Agartu
Костанайской
области
Социальная
сеть Agartu
Мангистауской
области
Социальная
сеть Agartu
Павлодарской
области
Социальная
сеть Agartu
ЮКО
Торгов. сети
Единая
торговая
площадка
BMC Sales
BenchMark
Consulting
Школьная
форма от
BMC Sales
Объявления
товаров
Halyk Bazar
Форменная
и спец. одежда
от BMC Sales
Национальная
товаро-
проводящая сеть
BMC Agro
Торговый дом "Асем"
Mektep
Alemi
Туристич. сети
BMC Tourism
dev
Ассоциации
Казахстанская
Ассоциация
IT-компаний
Ассоциация
торговых
предприятий
Ассоциация
кредитных
товариществ
агропромышл.
комплекса
Международная
Федерация
Бухгалтеров
(IFAC)
Единый
портал
КСК
Портал
легкой
промышленности
Казахстана
Союз
производителей
продукции легкой
промышленности
Республиканская
ассоциация
ветеринарной
и пищевой
безопасности
Казахстанская
Ассоциация
маркетологов
профессионалов
Сервисы
Сервис
профилей
BMC Profile
Учет и продажа
товаров и услуг
BMC Trade
Клиентская база
BMC CRM
Онлайн карта
BMC Maps
Создание сайтов
BMC CMS
База знаний
по системе
Служба
технической
поддержки
Онлайн
тестирование
BMC Exams
Система
Мониторинга
Безопасности
Дистанционное
обучение
BMC Study
Электронная
библиотека
BMC eLib
Безопасная
пища
BMC SafeFoods
Сервис
работы
BMC Work
Сервис
голосований
BMC Votes
Сервис
бизнес
аналитики
Организация
и проведение
конкурсов
Универсальный
Платежный
Интегратор
(UPI)
Сервис
организации
очереди
BMC Queue
Прочие
сервисы
в разработке
TG Канал
Telegram Канал
Прилож.
Скачать мобильное приложение
Войти
OTANBILIM
Email
info@kdt.kz
Контакты
+ 7 (7172) 57-57-37
+7 (707) 588-9063
Контакты
Menu
Главная
Новости
Участники
Образовательные порталы
Услуги
Заказать сайт
Школьная форма
Подача заявки регистрацию edu
НПА
Вакансии
Образовательная среда EMS
Шаблоны сайтов
Новости
Главная
Новости
Новости
Обсуждения
Сообщества
Олимпиады
«Түркістанда тест базары болған жоқ»
«Жас Алаш» республикалық газетінің zhasalash.kz сайтында 9 қараша күні Түркістан облысы, Cайрам ауданына қарасты Т.Рүстемов атындағы №2 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі Әшірбаева Айсұлу Амангелдіқызының редакцияға жолдаған хаты жарияланған болатын. «Түркістан облысындағы «Тест базары» атты хат облыс әкімі Ж.Түймебаев мырза мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев мырзаға арналған. «Ең бастысы, тест тапсыруда тәртіп болғанда, тестілеу мерзімінде басталғанда, көшеде тоңбағанымда, «тест базар» ашылмағанда және сұрақ кітапшасындағы қателіктер болмағанда, мен ұлттық тестілеуден өтер едім» дейді тестілеуден өте алмай қалған мұғалім, хат авторы өз мақаласында. Өз хатында А.Әшірбаева Шымкент қаласы, Тоқаев көшесі, 27 мекенжайы бойынша орналасқан тестілеу пунктінде «педагог-модератор» 25 мың теңге, «педагог-сарапшы» 40 мың теңге, «педагог-зерттеуші» 70 мың теңге, «педагог-шебер» біліктілік санаттары 100-130 мың теңгеден саудаланғандығын ашық айтады. Жарияланған аталмыш мақала фактісі бойынша ҚР БҒМ Ұлттық Тестілеу орталығының Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті жанындағы филиалының қызметкерлері Шымкент қаласындағы әл-Фараби аудандық сотына талап арыз берген. Талап-арызда мұғалім мәртебесін түсіретін аталмыш жалған ақпаратқа тойтарыс беріліп, бұл тестілеуден өте алмаған адамның жала жабуы делінген. «Педагог-зерттеуші» біліктілік санатын алу үшін шектік ұпай жинай алмаған хат авторы Айсұлу Амангелдіқызымен тестілеуді бірге тапсырған мұғалімдер де бұл ақпараттың жалған екендігін растап отыр. Яғни, тестілеу үрдісіне осылайша жала жабу мұғалім мәртебесін төмендетуді көздеген іс-әрекет деп анық айтуға болады. Сонымен қатар, жауап парағындағы нәтижелерді сараптай келе, автор қате деп көрсеткен 15, 55, 60, 62 сұрақтар апелляциялық комиссия тарапынан дұрыс деп танылған. «Педагог-зерттеуші» біліктілік санатын алуға үміттенген А.Әшірбаева берілген 100 сұрақтың 69-ына дұрыс жауап берген. Оның ішінде өз пәні бойынша 70 сұрақтың 53-іне ғана жауап беріп, «педагог-зерттеуші» біліктілік санатын алу үшін шектік ұпай жинай алмаған. Жалпы республикалық апелляциялық комиссияның жоғары санатты сарапшылары тарапынан тестілеуде пайдаланылған сұрақтардың дұрыс жасалғандығы туралы қорытынды берілген. Естеріңізге сала кетейік, педагогтардың ұлттық біліктілік тестілеуі ағымдағы жылғы 3-5 қараша аралығында өткен болатын. Шымкент қаласы бойынша тестілеуге 4719 педагог адам қатысып, оның ішінде 3103-і шектік деңгейден өткен. Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті базасында орналасқан тестілеу пунктінде өткен тестілеуге 1758 мұғалім қатысып, оның 1086-ы тестілеуді сәтті тапсырып шықты. Атап өткен жөн, тестілеудің барлық талаптарға сәйкес өтуіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өкілдері тарапынан бақылау жасалды.
Источник: https://zhasalash.kz/19501/
Чтобы оставлять комментарии
авторизуйтесь
Обсуждение не найдено