10.11. 2018 ж С. Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда
гимназияішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Мақсаты: Ата-ана,мұғалім және гимназия арасындағы тығыз қарым-қатынас орнату. Мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты арттыру.
Күн тәртібінде:
Жиналысқа арнайы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Ахметова А.И., қамқоршылық кеңесінің төрайымы Келдегулова А.Н. қатысты.
Гимназия директоры Муканова К.А. гимназияның материалдық базасы, білім берудегі жаңалықтарға, білім бері қызметі жайлы ата-аналарға ақпарат берді. 1 тоқсан бойынша оқу қорытындысы айтылды, 1 тоқсандағы оқушылардың халықаралық, облыстық, қалалық жетістіктері бойынша ақпарат берілді. Елбасының Жолдауы топтарда талқыланып, қорғалды.