Меню KDT

Новости

Главная Новости

АЛТЫН КҮЗ іс- шарасы

"Ленин орта мектебі"КММ -де жоспарға сай үлкен іс-шара өтті.2018дылдың 18 қазан күні акт залын әдемі плакаттар мен шаралармен безендіріп, бастауыш сынып оқушыларын "Алтын Күз" ертеңгілігіне қарсы алдық.Оқушыларымыз ханзадамен ханшайымды сайлап, күзгі бал кешінің сый қонақтары болды.Олар өздерінің өнерлерін ортаға салып, көрермендеріміздің көңілінен шықты.Алтын күз ертеңгілігімізде ата- аналар мен әжелер  тыс қалған жок.Олар өздерінің күз сыйы атты көрмеге қысқы мезгілге дайындаған  тағамдарын,көкөністерден жасалған салаттар, тәтті тағамдар, жеміс- жидектерден түрлі түсті көрме заттарын,ойыншықтар,қызықты экспозиция жасап қуантты."Куаныш"шағын орталық  тәрбиеленушілері және мектепалды даярлық топтарының тәрбиеленушілері  белсене қатысып, өз өнерлерін  ортаға салды, би билеп,өлеңдерді мәнерлеп оқып , келген қауымның көңілдерін көтерді.Жүргізушілеріміз қызықты тапсырмалар беріп, сол тапсырмаларды тапқырлықпен орындап,сынақтан өте алды. Акт залында  мерекеге қатысқан оқушыларға жемістер таратылып, соңы би кешімен аяқталды. 
Содан кейін ертеңінде 5-9 сыныптар арасында Алтын күз атты күзгі бал басталып кетті.Әрбір сынып ұлдары және қыздары бұл іс- шараға сондай  жауапкершілікпен қарады.Киген костюмдер, қабырға газеттері, күзгі салаттары мұғалімдерді таң қалдырды. Үлкен сыныптар  сахналық көріністерді көрсетіп, әділқазылар әділ баға беру арқылы қатысушыларды ренжітуге тырыспады. Әр сыныптың сынып жетекшілері өз сыныптарына ие болып, күзгі бал кешін өткізуге көмектесті.Оқушыларымыз алдағы уақытта келе жатқан  күзгі демалысты өткізуге байланысты жақсы тілектер айтылып, қауіпсіздік ережелермен абай болуды еске түсіріп кетті. 
Әсіресе бұл іс- шараларға белсене қатысқан  сынып жетекшілерге алдағы уақытта шығармашылық табыс, еңбектерінің жемісін көріп, жақсы оқушылар тілеймін


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено