Меню KDT

Новости

Главная Новости

ҚЫЗ ЖІБЕК Клубы

Елбасымыздың " Рухани Жаңғыру " бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ленин орта мектебінде  "Қыз Жібек" қыздар клубының ашылу рәсімі  өткізілді.Бұл клубты ашу үшін елдегі дана, ақыл айтатын,көпті көрген,қолдары алтын, өнерлі де ақ жаулықты әжелерімді мектепке "Қыз Жібек" клубынның ашу рәсіміне шақырдық.Әжелеріміз ақ батасын беріп, оқушы қыздарымызға көп өнерлерімен бөлісті.Әжелерді дастархан басына жайғастырып, "Қыз Жібек" клубының жетекшісі Ахмет.Меруерт Ахилбекқызы клубтың мақсатымен міндетін таныстырып өтті.4 сынып оқушысы Базарбай НҰРАЙ "Мен қазақтың қызымын" атты әнін орындап берді.Әжелеріміз даcтарқан басында өнерлі оқушыларымыздың тамаша әндерін тыңдап,қолдарын соғып, көңілдерін көтеріп отырды.Күлбаршын әжеміз өз немере қызын Ділдебаева Әйкенді  алаша тоқуға үйреткен адам.. Немере қызы кішкентай кезінен бастап, дана әжесінің тәлім- тәрбиесін алып, оның көптеген ұлы әжелеріміздің өнері жойылып бара жатқан және ұмытылып бара жатқан мұраларын қазіргі өсіп келе жатқан қыз балаларға жалғастыру, қалдырып кету.Сол ұмытып бара жатқан дәстүрлді еске түсіру,қайтадан жаңғырту.Өсіп келе жатқан  ұрпақты әсіресе қыз баланы қырық үйден тыю деген сөз бекерге айтылмаған.Әжелеріміздің бар білгенін оқушыға айтса,көрсетсе қазақ халқымыздың салт-дәстүрі ешқашан да ұмытылмайды. Сонымен қатар Әжелеріміз жұмасына бір рет келіп, өзінің білетін өнері туралы айтып, көрсетуге уәде берді. Бұл өте сондай қуанышты. Ал біз тек қана орта буынның қыздарын ғана емес, бастауыш сынып қыздарын шақырып отырамыз деп келістік. 
Мұражай  жетекшісі Өмірбекова Кенже Жалмұқанқызы  мектеп мұражайына шақырып, көне жәдігерлерге қат екені туралы айтып кетті.Әжелеріміз  200 жылдан асқан тұс киіздері бар екендерін айтып, осы мұражайға сыйға тартамыз деп сөз берді


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено