Меню KDT

Новости

Главная Новости

"JAS DIPLOMAT" жобасы

13 қараша күні 81 "Astana English School" мамандандырылған гимназиясында "JAS DIPLOMAT" жобасы бойынша Астанадағы Бразилия елшілігінен Леонардо Бастос Азеведо мырза қонаққа келді. Бұл өте жылы және керемет кездесу болды. Азеведо мырза мектеп оқушыларына керемет презентация дайындап әкелген. Азеведо Бразилия үміт астанасы екенін және әлемдегі ең дәмді кофе Бразилияда дайындалатынын және бразилиялықтар Мемлекеттік әнұранын көпшілікте орындаған кезде оң жақ қолын сол жақ кеуде тұсына қоятынын және басқа да қызықты мәліметтер айтты. Гимназия оқушылары Азеведо мырзаның келесі кездесуін асыға күтетіндігін жеткізді. 28 қараша күні оқушылар Бразилия елшілігіне барады.

 


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено