ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ – тұрақтылық негізі
Толеранттылық ұғымы латын тілінен аударғанда – шыдамдылық. Яғни өзгелердің дүниетанымы мен өмір сүру салттарына, тәртіпке төзімділікпен қарау. Әлеуметтік толеранттылық өзгелердің көзқарасына түсінушілікпен қарап, өзгелерді, олардың мәдениетін сыйлауды білдіреді. Толеранттық қатынас адамның құқықтарын, еркіндікті және қауіпсіздікті қамсыздандыратын әлеуметтік құндылық боп табылады. Педагогикалық лексионға толеранттылық ұғымы бертін келе ене бастады. Өйткені қазіргі таңда отбасы аралық, ұлтаралық, халықаралық келісім осы ұғымға тікелей қатысты боп отыр. Ал толеранттылықты ұрпақ бойына сіңіру – тәрбиенің еншісінде.
Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақталған ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым – қатынасын, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру. Отбасы – бала өміріндегі ең басты тәрбие көзі. Ата – ананың ең сындарлы қоғамдық қызметі – перзенттерін қалай тәрбиелеп жетілдірумен өлшенбек. Ал баланың жас ерекшелігі, әр жасқа тән болатын дағдарыстың себептері туралы түсіндіріп, олардан баланы қиындықсыз алып шығуға көмек көрсетуде ата – анаға көмекке келетін – мұғалім. Сол себептен ата – ана мен мұғалімдер бала тәрбиелеуде бірлесіп жұмыс тар атқаруы тиіс. Әдептілік, имандылық, иейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыз осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл - парасатына азық ете білу үшін, әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын, сан ғасырларда қалыптасқан салт - дәстүрлерді, әдет - ғұрыптарды жан - жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт. Ол рухани адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алғаны жөн.