Астана, BAQ.KZ. Қазақстан адами капиталды дамыту индексінде 31-орынды, оның ішінде білім беруді дамыту индексі бойынша 157 мемлекеттің ішінде 10-орынды иеленеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Дүниежүзілік банктің білім беру тәжірибесі бойынша басшысы Harry Patrinos айтты.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Бүкіләлемдік банкпен бірігіп, орта білім беру жүйесіндегі сапаны жақсарту мен теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған «Орта білім беруді модернизациялау» жобасын ресми түрде іске қосты.
Harry Patrinos серіктестерді білім беру әлеуметтік жобасының басталуымен құттықтап, бұл жоба Қазақстанда өз мақсатынан жететініне сенімді екенін айтты.