Меню KDT

Новости

Главная Новости

"Блум таксономиясы" тақырыбында семинар -тренинг өтті

   "Блум таксономиясы" тақырыбында өткізілген семинар -тренинг ұстаздарға әдістемелік көмек көрсету мақсатын көздеді. Семинардың ұйымдастыру бөлімінде   орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алиева Қазына Төлешовна тиімді тәсілдер арқылы  психологиялық ахуал орнатты. 
     Қатысушылар қазіргі кездегі мамандықтар бойынша 5 топқа бөлініп, бірнеше жұмыс түрлерін  жасады. Тапсырмалары  блум таксономиясына негізделген жұмыс түрлерін   орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әсем Қожабекқызы жүргізді. Әр топқа Ы.Алтынсариннің әңгімелерінің қысқаша  мәтіні таратылып,  мұғалімдер блум таксономиясының сұрақтары бойынша қарастырды.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено