Меню KDT

Новости

Главная Новости

"Мақал сөздің шебері"

2018 жылдың 26 қараша күні Ленин орта мектебінде бастауыш сыныптар және орта буын арасында қазақ мектебінінің ішінде  "Мақал сөздің шебері " атты танымдық сайыс өтіп кетті. Бұл сайысты ұйымдастырған жас маман  қазақ тілі пәні мұғалімі - Жүсіпбек Нұрсұлтан Рамазанұлы. Бұл  танымдық әсіресе халық ауыз әдебиетінің бір түріне жататын мақал- мәтелдер сайысын ұйымдастыру өте қажет екені туралы айтып кетсек.
Сайыстың мақсаты: оқушылардың білімге деген құштарлығын, іздемпаздығын, білім деңгейін дамыту және мақал- мәтел мағынасын терең ұғыну еді.
Осы сайысқа 4 сынып оқушысы Акижанов Ансар, Базарбай Нұрай, 5 сынып оқушылары Сембаева Аяжан, Каиркен Нұртілеу, 6 сынып оқушылары Ермек Ақбота, Сулейменова Мадина сияқты оқушылар қатысты.Нұрсұлтан Рамазанұлы басында " Мен сендерге осы сайыста , бар ойларынызды жинақтап, жеңіске жетулеріңізге тілектеспін" деп сәттілік айтып,  жоспармен таныстырып өтеді.
Бірінші кезең- Таныстыру.Оқушы өзінің атын айтып, қай сынып оқушысы екенін, қай сабақты сүйіп оқитыны туралы айтып кету керек еді. ойының мақсаты "Мақал -  сөздің мәйегі" демекші , құрғақ сөздің ғұмыры қысқа ғой, сол себепті өмірімізге мақал - мәтелдерді жиі қолданған жөн
Екінші кезең- Кім жүйрік .  Әр оқушы бір минут ішінде қанша мақал-мәтел айтып үлгеретіні туралы. Ұлы афиналық ақын Демосфеннің айтуы бойынша , құр сөздің ғұмыры қысқа демекші сөз өнерін кең байытып, көркемдеп сөйлеу керек. Бұрынғы кезде, ата бабаларымыз көп мақалдап, ойын астарлап жеткізіп отырған. 
 Үшінші кезең-  Шеберлік сыны, Әр оқушы  мақалды жалғастыру керек.
Төртінші кезең- Ұтқыр ой .  Оқушы кез келген мақалды алып, мағынасын түсіндіру керек.
Осылай сайысымызда оқушылар бар өнерлерін ортаға салып, сайысты аяқтады.Әділқазылар ұпаларды санап, мынадай қортындыға келді. "Бас жүлде" иегері Сембаева Аяжан 5 сынып оқушысы. 1 - орын Базарбай Нұрай 4 сынып оқушысы. 2 - орын Акижанов Ансар 4 сынып оқушысы, 3- орын Ермек Ақбота. 
Барлық осы айтып кетен оқушыларға шағын сйлықтар таратылды.
Әділқазы Кенже Жалмұқанқызы алдағы уақыттта осындай мақал -мәтелдерді көбірек біліндер, мағынасын түсінетін болындар, бұл ата- бабаларымыздан дан қалған әдеби мұра , сендер мұны ұмытпайтын болындар деп ақыл айтты. 


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено