Негізгі мәселе қала тазалығын сақтау. Мектепте әр сыныпта сынып сағаты ұйымдастырылып, таза қаланы, таза әлемді сақтау мақсаты басты назарда болды. Қағаз қалдықтарын, пластиктерді жинауды мектептің лидерлері, өзін-өзі басқару ұйымдары жүргізді. Мектеп оқушылары жасыл лента тағу арқылы тазалықты әрқашан сақтайтындықтарын білдірді және өздерін эко әлемді таза ұстайтындықтарын дәлелдеді. Ата-аналар мен оқушылар қағаз қалдықтарын, пластик қалдықтарын және т.б. қалдықтарын жинап, 80 кг қағаз жіберілді. Ең көп қағаз қалдықтарын жинаған 9 сыныптар болды. Әрқашан жасыл желекті сақтау-жасөспірімдердің қолында екенін оқушылар түсіне білді.