Меню KDT

Новости

Главная Новости

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ

      Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектепте 30 қараша таңғы 08.00-17.00 аралығында Тұңғыш Президент күніне орай сынып сағаттары, спорттық турнирлер мен жарыстар, эстафеталар, мерекелік концерттер мен эссе, сурет, қабырға газеттері байқаулары ұйымдастырылып,  Ұлт көшбасшысы оқушылар, педагогикалық ұжым мен ата-аналар арасында дәріптелді.

      30 қараша күні 1-2 ауысымның бірінші сабағы 1-4 сыныптар үшін "Елімнің тұңғыш президенті", 5-7 сыныптар үшін «Қазақстан көшбасшымен бірге», 8-11 сыныптар үшін «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы» тақырыптарында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары бір мезгілде мемлекеттік Әнұранды орындаудан басталды. Сабақтар мазмұны мен ұйымдастырылуы, оқушылардың белсенділігі, зерттеушілігі тұрғысынан жоғары деңгейде өтті.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено