Меню KDT

Новости

Главная Новости

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА, ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ!

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА, ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ! ( 2-4, 8-9 сынып ата-аналарына псиxологиялық көмек)

13-14 қазан  күндері  Сырбай Мәуленов атындағы 37 орта мектебінде аталмыш тақырыпта Республикалық конференция аясында псиxологиялық көмек көрсетілді. Конференция мазмұны кең ауқымда қарастырылып, ғаламтор желісі, аутодеструктивті мінез-құлық, зайырлы қоғам тақырыптары жан-жақты ашылды. Модераторлық қызметті директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары З. Алимова мен Б. Курсанова, Г. Төлеуовалар, псиxологиялық көмек беру ісін мектебімізде көп жылдан бері орыс тілі мен әдебиеті пәнінен мұғалімдік қызметте өз жұмысын адал да әділ атқарып келе жатқан педагог әрі адам жанын терең түсіне алатын псиxолог ретінде Л.Ж. Алимова мен мектеп псиxологы С. Нұрмаxанова атқарды. Жаңа заманның жаңа тұлғаларын тәрбиелеуде ата-ана үшін ең маңызды дүниелерге талдау жасалып, ұсынылды. Сол сияқты, биылғы оқу жылының 19 қыркүйегінен бастап мектебімізде жолға қойылып келе жатқан медиаторлық қызмет туралы ата-аналарға түсінік беріліп, "Менеджмент және құқық Халықаралық медиация мектебінің" директоры А.Сайлаубай өз мақсаттарымен таныстырды, мектеп пен ата-ананы бірлесіп бала тәрбиелеуге, оқушы мен ата-ананы өз құқықтарымен қоса, өз міндеттерін де орындауға шақырды. Конференция өз мазмұндылығымен ерекшеленді деген пікір түйдік.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено