Оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды аудандық және облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында, мектептің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес 29 қараша күні 8-11 сынып оқушылары арасында мектепішілік олимпиада өтті. Олимпиада негізгі пәндер бойынша өткізілді (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, Адам.Қоғам.Құқық пәдері)

