Меню KDT

Новости

Главная Новости

1 және 10-11 сыныптарда Республикалық конференция өткізілді

    2018 жылдың 8-9 қыркүйегінде 1 және 10-11 сыныптарда «XXI ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол!» тақырыбында Республикалық конференция ұйымдастырылып өткізілді. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша дайындалған ауқымды іс-шараны ағарту жұмысы негізінде Отбасылық Тәрбиелеу Институты басшылыққа алып, ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету мақсатында әр мектепте ұйымдастырып өткізуге бағыт берді.
    Тақырыптық іс-шара ата-аналарға педагогикалық-психологиялық тұрғыда көмек беру мақсатын көздеді. Бұл игі іс-шарадан ата-аналарымыз балаларының өмір қауіпсіздігі, діни сауаттылық пен рухани-адамгершілік құндылықтарды ұлықтау, әлеуметтік желілер арқылы алынатын ақпараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайында қажетті ақпараттар алды. Әр тақырыпты қамтыған бейнежазбалар әсерлі ой қалдырып,жақсы көңіл күй сыйлады. «Үштік одақ»әлеуметтік серіктестігінің ынтымақтастығын дамыту үшін осындай игілікті іс-шаралар әр жылы түрлендіріліп,тұрақты жағдайда ұйымдастырылып тұрса нұр үстіне нұр болар еді.

 
 


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено