2018 жылдың 04.12 - 08.12.күндер аралығында елорда аумағында «Тең мүмкіндіктер жолы» атты республикалық акциясы өткізілді. Акцияны өткізу барысында 6 желтоқсан күні №61 орта мектептің өнерлі оқушылары Астана қаласының «№1 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушыларына концерттік бағдарлама ұсынды. «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» тақырыбында өткізілген танымды кеште мүмкіндігі шектеулі балалардың көңіл-күйін көтеретін әндермен қатар, «Өнерлі өрендер» театрының дайындаған тағылымды композициялық қойылымы көрсетіліп, тамаша бимен жалғасты. Арнайы білім беретін мектеп ордасының оқушылары мен ұстаздары танымды кешке разылығын білдіріп, естелік суреттерге түсті.


