С. Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесіне орай, 14 желтоқсан күні «Тәуелсіздік — ата-бабам аңсаған» атты 5-11 сыныптарда салтанатты саптүзеу, 1-4 сыныптарда бірыңғай тәрбие сағаттары өтті. Гимназияның қоғамдық жұмыстарына белсене араласқаны үшін мектеп қызметкерлері марапатталды, облыстық «Зерде» ғылыми жобалар сайысының жүлделі орындарға ие болғаны үшін 2-7 сынып оқушылары І, ІІ Дәрежелі Дипломмен және Тәуелсіздік мерекесі қарсаңындағы іс-шараларға қатысқаны үшін 5-10 сынып оқушылары Алғыс хатқа ие болды. Салтанатты жиынға ата-аналар, қамқоршылық кеңесінің мүшелері қатысты.