" Астана ұландары" "Жас сарбаздар" мамандандырылған сыныбының ант қабылдау рәсімі болып өтті
"Астана ұландары" "Жас сарбаздар" мамандандырылған сыныбының ант беру салтанатты рәсімі болып өтті. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты , Ауған соғысы ардагері ұйымдарының "Қазақстан ардагерлері" қауымдастығының төрағасы Смағұл Бақытбек Смағұлұлы бастаған арнайы қонақтар келіп, жас ұландардың салтанатты түрде ант беру рәсімінің куәсі болды. "Жас сарбаздар" мамандандырылған сыныбының ұландары кешке келген қонақтар мен ата-аналарға алған әскери білімдері мен машықтарын, өнерлерін көрсетті. Былтырғы оқу жылында кадет сыныбын бітіріп, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағанбетов атындағы"Жас ұлан" республикалық мектебіне түскен оқушымыз Уатаев Талғат қонаққа келіп, жас ұландармен әскери мектептің қыр-сырымен бөлісті.