Бүгінгі таңда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жалғасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы қарашада жарық көрді. 2018 жылдың 22 желтоқсан күні С. Шәймерденов атындағы қалалық гимназияның ұжымы аталмыш мақаланы талқыға салды. Ұстаздар топпен мақаланы талқылап, өз ойларын білдіріп, топ арасында сұрақтар мен пікірлер айтты. Бұл бағдарлама ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ететінін, оны жаңғыртуға мүмкіндік беретіні туралы сөз қозғалды. Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор, өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі деген ойдамыз.
