2019 жылдың 04 қаңтар күні мектебімізде мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, ата-аналар және қамқоршылық кеңесімен бірлескен жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде маңызды бес мәселе қаралды. 1. 2018-2019 оқу жылының бірінші жартыжылдығындағы бюджеттің жұмсалуы. 2. Жалпы оқу қорының жұмсалуы. 3. Даму бағдарламасына сәйкес қаржыны жоспарлау. 4. 2018-2019 оқу жылындағы бірінші жартыжылдығының оқу-тәрбие жұмысының есебі мен ақпараты. 5. Қамқоршылық кеңесінің жұмысы тыңдалды. Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Ата-аналардың мектеп ұжымына білдірген ризашылықтары дауысқа салынып, жүз пайыз қолдау көрсетілді.