Меню KDT

Новости

Главная Новости

Тихоокеанск орта мектебінде 1 Қыркүйек Білім күніне арналған "Мен-өз елімнің патриотымын" атты салтанатты жиын өткізілді

1 қыркүйек - бүкіл балаларының мерекесі. «Өйткені, бұл күні барлық калалар мен ауылдарда тұратын кішкентай бүлдіршіндер сөмкелері мен кітаптарын алып, тұңғыш рет класс есігін ашу үшін томпаңдап, мектепке бара жатады!»

Егер еліміздегі барша мектепті бір жерге жинар болса, онда ол пәлен миллион шәкірті бар алып мектеп-қала болар еді!

Егер 1 қырқүйек күні балалардың мектепке әкелген гүлінен бір гүлшоғын жасар болса, оны салып қою үшін дәл стадионның аумағындай ыдыс керек болар еді!

Егер барша мектептің қоңырауы бір жерден кағылар болса, онда олардың көңілді күмбірі жұмыр жерді тербелтер еді.

Еліміздің әрбір балақаны үшін мектепте орын дайын тұрады. Бізде барлық баланың оқып, білім алуына қақысы бар. Мұның бер жағында: олар оқуға міндетті. Егер олар оқып білім алмаса, онда не болар еді дейсіңдер ғой?

Оқу қонбаған кісі үй салса - қабырғалары құлап қалар еді.

Теңізші болса - кемесін қайраңга тіреп қарап отырар еді.

Тігінші болғысы келсе - тіккен киімінің жеңі желкесіне, жағасы етегіне кетіп, жұртқа мазақ болар еді.

Сен өміріңде қандай да бір арманыңды жүзеге асыру үшін: болат балқытып, адамдарды ажалдан арашалығың келсе, комбайнды астықты алқапта жүздіріп, самолетті, көгілдір аспанда самғатқың келсе, заводтарда машиналар жасап, орманды ойып сәнді қала орнатқың келсе, онда ең алдымен оқуың қажет! Мамандық атаулыға апарар жол мектептен басталады.

Мектеп білімін игеру де оңай емес. Кейде кітап оқуға зауқың соқпай, одан да серуендегің, ойнағың, телевизор көргің келеді. Әнеки, мектеп дәл осы сәттегі көңілің ауған істі жасауға емес, тиянақты істі тындыруға, қажырлылықпен оқи білуге үйретеді.





Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено