19.01.19 күні әр сыныптың ата-аналар жиналысы өтті.
19.01.19 күні әр сыныптың ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа барлығы 1224 ата-ана келді. Күн тәртібінде: 1. "Құқықтық сауаттылық: балалар өмірінің қауіпсіздігі, қоршаған ортаның тиімді және тиімсіз әсері" 2. ІІ тоқсан бойынша оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы, критериалды бағалау жүйесі 3. Әр түрлі мәселелер: мектеп ережесінің сақталуы секілді маңызды мәселелер қаралды. Жиналыстан кейін акт залында ата-аналар мен кері байланыс өтті. Онда ата-аналар әрбір пән мұғалімінен көкейіндегі сұрақтарға жауап алды. 8 сынып ата-аналарына жаңадан білім беру мазмұны бойынша арнайы тренинг өтті. Келген ата-аналардан соңында сұхбат жүргізілді, нәтижесінде барлығы мектеп мұғаліміндеріне осындай ерекше форматтағы жиналыс үшін алғыстарын білдірді.