Қазіргі кезде ғылыми ортада және педагогикалық қоғамдастықтар арасында инклюзивті білім беру баршаға қол жетімді және бәріне бірдей білім беру жүйесіне қосу идеясы кең етек алып келеді. Мұнда балалар оқу процесіне даму ерекшеліктері мен жетілу деңгейлеріне қарамастан бәрі бірге тартылады. Инклюзивті білім беру идеясының туындауы балаларды бір-бірінен ажырататын кедергілерді жою мәселесіне бағытталады. Осы бағытта Астана қаласы №68 мектеп-гимназиясында ерекше білім алуды қажет ететін оқушыларға арналған Инклюзивті білім берудің Ресурстық орталығы 2017 жылдың 5 қазан күні «SAMRUK-KAZYNA TRUST» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және «ДАРА» қорының қолдауымен ашылды. Ресурс орталығының ашылуына себеп болған ерекше білім алуды қажет ететін балалардың мектеп қабырғасына келулері. Мектеп бойынша үш инклюзив сынып бар. Ресурс орталығының қызметкерлерінің көмегін ерекше білім алуды қажет ететін 6 оқушы пайдалануда. Олардың аңғарымдары әртүрлі. Осы оқушылардың барлығына қажетті арнайы компенсаторлық құрал-жабдықтар «Дара» қорының көмегімен алынды.