Өсіп келе жатқан ұрпаққа кәсіптік бағдар беріп, осы заманда сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат беру жұмысы №64 мектеп-лицейінде үздіксіз жүргізіледі Соның айғағы ретінде 23.01.2019 ж. күні 9-10-сынып оқушыларының Астана қаласының насостық су станциясына экскурсияға барғанын атауға болады. Балалар Астана қаласының тұрғындарына судың берілуі, судың қолданылу жүйесі туралы түсінік алып, суды үнемдеу қажеттігі жайлы ойларын қалыптастырды.