Оқушыларымыз «Әдеби мұра» қалалық байқауынан 1 дәрежелі дипломмен жеңіске жетті
Жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың 5-9 қазақ сыныптары оқушылары арасында 30 қаңтар өткен «Әдеби мұра» қалалық байқауына Қазақ мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты. Біздің мектеп оқушылары байқаудың ережесіне сәйкес сахналық қойылымға кесек тұлғалы Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» шығармасын дайындап, 8 команданың ішінде 1 орынды жеңіп жеңіспен келді.