1 ақпан күні #1 Новоишим орта мектебінде "Жарқын болашақ" олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді. Мектебіміздің намысын қорғаған Малыгин Андрей "Тілшілер мен əдебиетшілер" номинациясынан І орынды, Демьяненко Алина ІІ орынды; "Жазушылар"номинациясы бойынша Власенко Владислав 3 -орынды; "Əнші бұлбұлдар" номинациясы бойынша Еркін Сағынай 3-орынды; "Сөз шеберлері" номинациясы бойынша Лопатина Ангелина 1-орынды, Ашимова Жамиля 2 - орынды, Лих Валерия 3 орынды иемденді. І орын жеңімпаздары ауданымыздың намысын облыстық кезеңде қорғайтын болады. Барлығына облыстағы олимпиадада жеңіс тұғырынан көрінуге тілектеспіз. #1 Новоишим орта мектебінің қазақ тілі мен əдебиеті мұғалімдері.