"Зерде" республикалық ғылыми жобалар байқауының республикалық кезеңінен оқушыларымыз жүлдемен оралды
1-7 сыныпоқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының "Зерде" ХІҮ республикалық конкурстарында ерекше жетістік көрсеткен, мектебіміздің 1 "А" сынып оқушылары Аманжол Аяулым, Қайржан Дайана І орын иеленсе, ерекше өнерімен ерекшеленген Абумуталиф Мухаметжанали грамотамен марапатталды. Жетекшісі Жұмабаева Роза Зейнелғабиденқызы үш бірдей оқушысын зерттеу жұмыстарына баулып, дарындылығын аша білген ұлағатты ұстаз. Білімді шәкірттеріміз көбейе берсін!