2019 жылы 10 қаңтар- 10 ақпан аралығында өткізілетін жалпыға міндетті оқу айлығы мен «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өтті. Бұл акцияда Көктал 2 , Құсмұрын 2 көшесінде орналасқан № 68 мектеп-гимназиясының көп балалы Есенгельдиновтар отбасының 6 баласына көмек берілді. Қайырымдылық ақциясын Республикалық физика-математикалық мектеп қызметкерлері көрсетті. Есенгельдинова Гүлнарай «Тұран» колледжінің бірінші курс студенті , Есенгельдинова Ақмарал 8 «Ә» сынып оқушысы , Есенгельдинова Ұлданай 6 «Д» сыныбының оқушысы , Есенгельдинов Балнұр 2 «Д» сынып оқушысы , Есенгельдиев Нұрастанбек 5 жаста , Есенгельдиева Нұрсая 1,5 жаста. 6 баланың барлығына сыртқы қысқы киім және аяқ киім беріліп қайырымдылық көрсетілді.