Меню KDT

Новости

Главная Новости

Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ " Мейірбан"

Ақпанның 4-і күні Калинов орта мектебінде 2-3 «А» сынып оқушылармен өзін-өзі тану онкүндігіне арналған «Мейірбан »атты ашық сабақ өтті. Сабақтың басы шаттық шеңберден басталды. Оқушылар шаттық шеңберге тұрып бір-бірлеріне жақсы сөздер айтты. Сабақ барысында оқушы жан-жақты ашылып, өзінің нәзік ішкі дүниесінің құндылығын көрсетуге тырысады. Мұғалімнің басшылығымен оқушының жеке тұлғасының дамуымен қатар оның рухани – құндылық қасиеттері де дами түседі. Оқушылар шығармашылық жұмыстардың көптеген түрлерін пайдалану барысында, өздерінің шығармашылық қабілеттерімен бірге белсенділігін, өз бетінше ойлауын қалыптастырады.Шығармашылық жұмыстар орындап,топпен жұммыс жасады. Сонымен қатар, әр бала өз пікірін еркін айтып, оны қорытындылай білді. Сонымен қатар «Өзін-өзі тану» сабағы баланың іздену, зерттеу қабілеттерінің дамуына өз әсерін тигізеді. Сондай-ақ, оқушылардың жан-жақты ойлауы, баланы мейірімділікке, елжандылыққа, ізеттілікке, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелейді, достыққа, адами қарым-қатынасқа баулиды.
Ðа данном изобÑажении Ð¼Ð¾Ð¶ÐµÑ Ð½Ð°ÑодиÑÑÑÑ: 2 Ñеловека, лÑди ÑÑоÑÑ
Ðа данном изобÑажении Ð¼Ð¾Ð¶ÐµÑ Ð½Ð°ÑодиÑÑÑÑ: 3 Ñеловека, лÑди ÑÑоÑÑ Ð¸ в помеÑении
Ðа данном изобÑажении Ð¼Ð¾Ð¶ÐµÑ Ð½Ð°ÑодиÑÑÑÑ: 6 Ñеловек, лÑди ÑÑоÑÑ

 


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено