Сүйіспеншілік күні
«М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейі» КММ қабырғасында «Өзін-өзін тану» пәні бойынша онкүндік аясында ақпанның он екісі «Сүйіспеншілік күні» болып өтті. Күні бойы мұғалімдер сабақтарда, сабақтан тыс уақытта оқушылармен сүйіспеншілік, махаббат туралы сөйлесті. Үзілістерде «Мен махаббатпен бөлісемін» атты акция өтті, акция кезіңде оқушылар бір-біріне, мұғалімдеріне өздерінің тілектерін жүрекшелерге жазып, сүйіспеншілікпен сыйлады. Мектеп ұжымы махаббаттың түсі болып танылған қызыл түсті киім киіп, басқаларға сүйіспеншілік сезімін көрсетті.


Ақиқат күні



