2019 жылы 18 ақпанда №68 мектеп –гимназиясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 9 сыныптар арасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында тарих пәнінен интеллектуалды байқау өтті. Әр сыныптан үш оқушы қатысты. Әділ-қазылардың шешімі бойынша Бас жүлде 9 «Б» сыныбының «Жалын» тобы, І орынды 9 «В» сыныбы «Алаш» тобы, ІІ орынды 9 «А» сынып «Ұлы дала қыздары» тобы , ІІІ орынды 9 «Ә» сынып «Silkway» тобы ие болды.
Қорыта айтқанда, сайыс өз дәрежесінде өтті. Оқушылар қызығушылықпен сайысқа қатысты. Сайыстың жеңімпаздары грамотамен марапатталды. Осындай сайыстар болашақта өз жалғасын тауып, ұйымдастырылады.
