Күллі дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік Туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Өткен күрестер жеңісі — бүгінгінің жемісі» атты салтанатты жиын өтті. Мектеп оқушылары ерекше әзірлікпен мерекені өткізу барысында ұйымшылдық танытты. Жиында мектептің 4 сынып оқушылары Республикалық «Жас қыран » және 5 сынып оқушылары «Жас ұлан» қатарына қабылдау рәсімі өтті.