Жүректері алып ұшқан арманшыл балалардың көкейлеріндегі рухани жаңғыру бағдарламасына байланысты сауалдары қойылып, көкіректерінде жүрген әрбір сауалға барынша орынды, жан-жақты толық жауап алды. Қонақтарымыз өте салмақты, сан қырлы сауалдар қойылғандығын айта келе, өз ризашылығын үздік сауал қойған 9 «Б» сынып оқушысы Өмірзақ Әсемге қолтаңбасы қойылған кітапты сыйға тарту етті. Балалардың арасында болашақ ұстаздар, инженерлер, ғалымдар, Тәуелсіз еліміздің болашақ жастары рухани жаңғыруға сүбелі үлестерін қосатынына сенім білдірді. Ұстаздарымыз мектеп оқушыларына өз ақыл-кеңесін айтып, ең алдымен сабақты жақсы оқу қажет екендігін қайталап айтты.