23.02.19 күні, №79 мектеп-лицейінде Лессон стади (сабақты зерттеу тәсілі) бойынша №30, №41, №79 мектеп ұстаздарының қоғамдастық бірлестігінің тақырыптық жоспарына сай "Спиральді оқытудың тиімді жақтары" атты іс-шара өткізілді. Мектеп ұжымы 6 топқа бөлініп, өз тақырыптары бойынша сабақтар жүргізді. Ұстаз шеберлігі мен оқушы әрекеті тығыз байланыста екенін осы сабақтардан бақыладық. Сабақ өту барысында оқушылардың белсенділігі және жоғары білім деңгейі анық байқалып отырды.



