Мектебімізде 12-18 ақпан күндері педагог-психолог А.Құндызбай 7-11 сынып оқушылары арасында қатігездік пен қорлауға құмарлықты болдырмау және алдын алу мақсатында бағытталған «Сен агрессияны қалай жеңесің?» атты бейнероликті көрсетілді.
Бейнероликті көрсетудің алдында тақырып бойынша оқушыларға сұрақтар қойылып, өз ойларымен бөлісті. Оқушыларға «Ашу-ызымен қалай күресуге болады?» тақырыбы бойынша қосымша ақпарат берілді. Мұнда, оқушылар ашуға бой бермеу және одан арылу әдістерімен танысты. Оқушыларға қиын жағдайға тап болған кезде кімнің көмегіне жүгіну керектігі жөнінде мәлімет айтылып, «Ашушаңдықты қалай жеңуге болады?» жаднамамен таныстырылды.
Соңында оқушылар бейнероликтен алған әсерлері бойынша эссе жазды. Олар агрессиядан арылуда ата - аналарынан көмек сұрайтынын, сабырмен жеңетінін, ашу-ызаға бой алдырмау қажеттілігі туралы жазып өтті.Сонымен қатар, оқушылар өз бойында кездесетін агрессияны жеңу жолында сүйікті әуен тыңдау, таза ауада серуендеу, спортпен шұғылдану, өз қызығушылығы мен ортасын өзгерту туралы пікірлерді айтып өтті. Оқушылар бейнероликті көргеннен кейін өз бойындағы ашуды жеңудің басқа да әдіс-тәсілдерін білді. Оқушылар үшін көрсетілген бейнеролик оқушыларға ой салып, мазмұны әсерлі болды.