Кластер – білім беру ұйымдарын табысты дамытудың инновациялық формасы
2019 жылғы 14 ақпан күні Астана қаласында «Кластер – білім беру ұйымдарын табысты дамытудың инновациялық формасы» атты Республикалық семинар өтті. Біздің мектеп-гимназиясы аталған семинарға «Самғау» кластер жұмысын ұсынып, белсенді қатысты. №13 орта мектеп негізінде өткен көрмеде, біздің оқушылардың жұмыстары ұсынылды:
· «Ақылды үй» - 9е сынып оқушысы Волков Николай және 9г сынып оқушысы Калинкин Виталий;
· «Дамытушы оятқыш» - 7б сынып оқушысы Ракутин Александр;
· «Автоматты карталарды үлестіру» - 7в сынып оқушысы Шакалов Ярослав;
· «Автоматты суару жүйесі» - 10в сынып оқушысы Голышкин Егор;
· «Аққу» экологиялық робот – 9г сынып оқушысы Какимжанов Олжас;
· «Rainbow» экологиялық робот- 10а сынып оқушысы Ибраимов Зульяр.
Оқушыларды дайындаған информатика пәнінің мұғалімдері С.М.Рахимжанова, О.В.Козина, А.К.Шанбаев, Г.К.Камшибаева.
Мектеп полиграфиясының баспа өнімдерін және №3 мектеп-гимназия оқушылары дайындаған комикстерді, мультфильмдерді, графикалық суреттерді 8д сынып оқушысы Марулина Елизавета көрсетті, полиграфия жетекшісі А.А.Головачева.
«Миконоид» сөйлейтін роботты басқарған Шаймурат Ансар, «Сумоға» арналған роботтармен Казеев Иван (5б сынып оқушысы) және Кондратенко Дмитрий (6д сынып оқушысы) өнер көрсетті, 7а сынып оқушылары Кенесбеков Райымбек және Кенесов Асқар «жарысушы роботтармен» өнер көрсетті.
Іnstagram-да оn-line репортаж жүргізгендер 9б сынып оқушысы Мартемьянова Элина және 11а сынып оқушысы Кенжетай Хансултан.